Бүгін қазақстандық журналист Азамат Қалымбетов ұзаққа созылған ауыр науқастан көз жұмды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Журналист Алматыдағы хосписте бүгін таңғы сегіздер шамасында көз жұмған.
Апасы Наталья Қалымбетованың айтуынша, Азаматтың халі соңғы күндері күрт нашарлап кеткен.
«Оның жағдайы соңғы күндері қатты нашарлап кетті, көз алдымызда солып жатты… Дәрігерлер құтқара алмады. Оның миында ҮІ деңгейлі ісік пайда болған еді. Оңтүстік Кореяға апарып емдеткіміз келіп еді. Бірақ, дәрігерлер науқастың жағдайы ауыр деп рұқсат бермеді», - дейді ол.
Азамат Қалымбетовке ауыр науқасы туралы диагноз биыл 14 қаңтарда қойылған. Оған дейін ол өзінің сырқаты туралы білмей келген.