«Шаншар» театрының жаңа әзілдері елді күлкіге қарық қылуда (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708231704710_small.jpg

«Шаншар» әзіл-сықақ театрының наурыз айында берген концертін жұртшылық жылы қабылдаған болатын. Театрдың Youtube желісіне жүктелген жаңа әзілдері де халықты күлкіге қарық қылуда, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

«Тоқал алу», «Ток-шоу», «Теңгебай мен Доллар» сынды қойылымдарын бүгінде алды 100 мыңға жуық қолданушы тамашалаған. Әдемі әзілге өрілген ол қойылымдарда тұрмыстық әлеуметтік мәселелерді сөз ете отырып, мемлекет пен билік ұстанымдары, елдегі кері кетушіліктер де аяусыз сынға алынады.

Қазақ сахнасында өзіндік орны, бай тарихы бар театрдың шын жанкүйерлері аз емес. Алайда, өнер ұжымының еңбегіне көңілі толмайтындар мен сын айтушылар да табылады.

Бұған дейін жазушы Зейнеп Ахметова «Шаншар» театрындағы азаматтардың әйел рөлін сомдауын сынға алған болатын.

 

 

 

Қатысты Мақалалар