Ұлтаралық араздық туғызды деп айыпталған қоғам белсенділері Ермек Нарымбаев пен Серікжан Мәмбетәлинге қатысты бүгін ақырғы сот шешімі шықты, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Бұған дейін Алмалы аудандық соты Ермек Нарымбаевқа үш жыл, Серікжан Мәмбетәлинге екі жыл бас бостандығын айыру жазасын кескен болатын.
Істі қараған қалалық сот айыпталушыларға кесілген жазаны жұмсартып, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындады. Сот үкімімен Е. Нарымбаевқа үш жыл, С.Мәмбетәлинге бір жыл бас бостандығын шектеу жазасы белгіленді. Тергеу кезінде қамауда болған уақыттарын ескеріп, сот Ермектің 2 жыл 7 күн, Серікжанның 8 ай 12 күн бас бостандығы шектелетінін хабарлады.
Естеріңізге салсақ, Ермек Нарымбаев пен Серікжан Мәмбетәлин Фейсбук әлеуметтік желісінде Мұрат Телібеков деген азаматтың кітабынан үзінді жариялап, ұлтаралық алауыздық туғызды деп айыпталған болатын.