«Самұрық-Қазынаның» сыртқы қарызы 10 млрд доллардан асып кетті

/uploads/thumbnail/20170708231850555_small.jpg

«Самұрық-Қазына» қоры компаниялар тобының сыртқы қарызы 10 миллиард доллардан асып кеткен, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Елдің бар байлығын басып отырған алып қордың қарызы туралы оның басқарушы директоры Елена Бахмутова бүгін «Корпоративтік басқару: Қазақстанның инвестициялық тартымдылығына жаңа көзқарастар» атты ұлттық форумында мәлімдеді.

«2016 жылдың басында «Самұрық-Қазына» қоры компаниялар тобының атаулы сыртқы қарызы 10,7 млрд. долларды құрады. Ал ресми сандарды сіздер «ҚазМұнайгаздың» шоғырландырылған қаржы есебі жария етілгенінен кейін көре аласыздар», - дейді ол.

Оның атап өтуінше, бүгінгі күні  мұндай көлемдегі қарыз қазіргі уақыттағы бағаны ескерер болсақ,  қолайлы болып отыр.  Сонымен қатар ол қарыз жүктемесінің деңгейі өткен жылмен салыстырғанда біршама төмендегенін де еске салып өтті.

«Қарыз көлемі топ қызметіне қандай да бір қауіп төндірмейді. Міндеттемелерге қызмет көрсету қалыпты көлемде жүргізілуде. Бұл компания үшін айтарлықтай қауіп төндірмейді. Бізде инвестициялық қызмет деңгейі және соған сәйкес инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барынша жоғары», - дейді Е.Бахмутова.

 

Қатысты Мақалалар