15 адамды өлтірген Челахтың бостандықта жүргені рас па? (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708232041432_small.jpg

Кеше қазақстандық бірқатар ақпарат құралдары 2012 жылы атышулы «Арқанкерген» оқиғасы бойынша басты қылмыскер Владислав Челахтың ата-анасы мен басқа да отбасы мүшелері үйлерін сатып, Қазақстаннан көшкелі жатқанын хабарлады.

БАҚ-тың хабарлауынша Челахтың отбасы көшуге сақадай-сай отырған көрінеді. Ресейдің отандастар бағдарламасы бойынша көші-қон құжаттары да дайын көрінеді. Тек Қарағандыдағы үйлерін сатып, ақшасын қалтаға басу ғана қалған. Ақпарат құралдары да Челах отбасының көшкелі жатқанын оның шекарашының ата-анасы тұратын үйдің сатылатыны туралы құлақтандырудан білген.

Ал, Владиславтың анасы Светлана Ващенко елден көшуіне мұндағы заңның әділетсіздігі, соның салдарынан ұлының сотталуы себеп болды деп отыр.

«Мен бұл елде енді тұрғым келмейді. Ұлымды әділетсіз соттап жіберді. Біздің достарымыздың барлығы ана жаққа көшіп кетті баяғыда. Олар үкім шыққан соң көше бастады. Оған дейін көшу туралы ой ешкімде болмаған. Өздерінің балалары да осындай жағдайға тап болуынан қорықты», - деген Светлана Ващенко.

Алайда, елден кеткенмен ұлына келіп тұратындарын, оған мүмкіндіктері барын айтқан.

«Біз Владқа бұрынғыдай кездесуге барып тұрамыз. Бізге жылына төрт рет кездесуге рұқсат береді. Соңғы рет желтоқсан айында бардым. Әжесі де жақында барып келді. Бізге оны түрмеде көру ауырға соғады», - деген С. Ващенко түзеу мекемесіндегі ұлымен жолығуда қандай да бір кедергілердің жоқтығын алға тартады.

Оның айтуынша, қазір Челах отбасын Қазақстанда ұстап тұрған бір ғана себеп – 30-35 мың АҚШ долларына бағалап отырған пәтерлерін сату мәселесі.

Ал, осы тақырыпта әлеуметтік желілер мен ақпарат құралдарындағы жарияланымдарда пікір білдірушілердің ойлары бір жерден шықпай отыр.

Желі қолданушылардың бірі В. Челахтың істі болуына тұтастай мемлекеттік жүйені айыптап, жоғары басшылықта отырғандар кінәлі десе, бірі елді тастап, Ресейге көшкелі жатқан шекарашының отбасының әрекетін теріс көреді. Тіпті, пікір білдірушілердің ішінде «Челах бәлкім түрмеде емес, елден жасырын шығарылып жіберілген шығар. Мыналар соның артынан көшкелі отырған болар» дейтіндер де табылған.

Естеріңізге салсақ, қазақ-қытай шекарасындағы «Арқанкерген» шекара бекетінде 2012 жылғы 27 мамырда 14 шекарашы мен шекара бекеті орналасқан жердегі орманшыны атып тастады, қызмет орнын тастап кетті, әскери мүлікті бүлдірді деген бірнеше айып тағылған шекара қызметінің мерзімді қызметтегі сарбазы Владислав Челах сол жылы 11 желтоқсанда әскери сот үкімімен өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесілген болатын. Сол кезде ақпарат құралдары ол жазасын ел арасында «Қара бүркіт» аталып кеткен Қостанай облысындағы ерекше режимдегі 161/3 түзеу мекемесінде өтейді деп хабарлады.

Қатысты Мақалалар