Солтүстік Қазақстан облысындағы бірқатар жол бөлігін де су басу қаупі бар, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы 24.kz-ке сілтема жасап..
Мұндай учаскелердің саны өңірде 179-ға жеткен. Қазірдің өзінде Тайынша, Есіл және Айыртау аудандарында су тас жолдардың үстінен ағып жатыр. Ал Кішкенекөл-Қаратерек бағытындағы күре жолды еріген қар суы шайып кеткен.
Бейбіт Исманов, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:
- Су осы маңдағы бөгетті толығымен шайып кетті. Салдарынан төрт метр автомобиль жолына залал келтірілді. Қазір бұл аумаққа ескерту белгілері қойылып, қоршауға алынды. Ал тұрғындар болса, айналма жолмен қатынап жатыр.
Естерңізге салсақ, биыл облыста 360 шақырым жол жөнделеді. Бұл мақсатқа 6 млрд теңгеге жуық қаржы қарастырылған. Сондай-ақ «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жүзеге асып жатқан «Астана – Петропавл» тас жолы да биыл халықтың игілігіне беріледі деген жоспар бар.