Kaspi bank бөтен құжатпен несие бергені анықталды

/uploads/thumbnail/20170708232159167_small.jpg

Kaspi bank-тің Астана қаласындағы бір бөлімшесі бөтен кісінің құжатымен үшінші тұлғаға несие рәсімдеген, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Информбюроға сілтеме жасап.

«2013 жылы 21 қыркүйекте Ш. деген банк менеджерін сендіріп, бөтен кісінің жеке бас куәлігімен 110 000 теңге көлемінде несие алған», - делінген Астана қалалық соты таратқан хабарламада.

Тергеу кезінде несие рәсімдеген келіншек құрбысының құжатын ұрлап алып, сонымен несие рәсімдегені белгілі болды.

Алайда, заң бұзушы қылмыстық жауапкершіліктен босатылған.

«ҚР Қылмыстық кодексі 71-бабы 1-бөлімі 2-тармағына сәйкес, тұлға ауыр емес қылмыс жасағаннан соң екі жыл уақыт өтіп кеткен жағдайда қылмыстық жауапкершіліктен босатылады», - делінген сот шешімінде.

Бұған дейін Өскемен қаласында да аталған банк филиалының бөтен кісінің құжатымен несие алғаны белгілі болған еді.

  

Қатысты Мақалалар