ПОЛЬША КСРО-дан ҚАЛҒАН 500 ЕСКЕРТКІШТІ ҚИРАТПАҚ

/uploads/thumbnail/20170708232200371_small.jpg

Польша билігі кеңестік ескерткіштерді жаппай бұзуға әзірлік үстінде. Елдің Ұлттық ескерткіштер институты осындай бастама көтерді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат польшалық Onet.pl порталына сілтеме жасап.

Мекеме басшысы Лукаш Каминьскийдің пайымдауынша, кеңес ескерткіштері «Польшаға коммунистік жүйе үстемдік еткен кезеңнің» нышанын білдіреді екен.

Монументтерді бұзу жобасын институт таяу аптада жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жолдайды. Порталдың жазуынша, бұл «КСРО-ға алғыс ретінде» қоғамдық орындарда орнатылған 500-ден астам ескерткішге қатысты. «Ескерткіштерді польшалықтар емес, негізінен Қызыл әскер өкілдері орнатқан», - деп атап өтеді портал. Тұғырынан алынған ескерткіштер мұражайға орналастырылады.

Елде «кеңес өкіметіне алғыс ретіндегі» ескерткіштерден басқа кеңес жауынгерлерінің қабірлеріне орнатылған бірқатар кеңестік монументтер бар. Олар орнында қалдырылады. Мемлекет оларды бұрынғыша өз қамқорлығында ұстайтын болады.

  

Қатысты Мақалалар