ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАРҒА ЖАН БІТІРЕДІ

/uploads/thumbnail/20170708232206261_small.jpg

Елімізде келер жылы халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесі өтетіні белгілі. 1851 жылдан бері әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттерінде дәстүрлі түрде ұйымдастырылып жүрген бұл көрменің біздің еліміз үшін де берері мол, - деп хабарлайды "Қамшы" порталы.

Ең алдымен «ЭКСПО-2017» шарасы қазақстандықтар үшін болашақтың энергетикасын дамыту үшін жаңа технологияны таңдап, оны игеруге аса қажетті болып табылады. Менің ойымша, көрмені өткізгеннен кейін тіпті оны сынға алып жүрген ең адамдар өздерінің қателіктерін сезіп, стереотиптік тар ойларының тұтқынынан шығады деп ойлаймын. Біздің елімізге де бір үші тиетін әлемде болып жатқан жаһандық дағдарысқа қарамастан, біз жаңа объектілерді іске қосып жатырмыз, ондаған мың жұмыс орындарын ашудамыз, құрылысқа жүздеген отандық кәсіпорындар тартылды, туристік кластер қарқынды көтерілуде, Астана қаласының және де еліміздің басқа өңірлеріндегі қалалардың инфрақұрылымдары жаңаруда, осының барлығы еліміздегі шағын және орта бизнестегі дамуына серпін береді.

Жалпы алғанда, егер мен «ЭКСПО-2017» - бұл нағыз дағдарысқа қарсы жол картасы» деп айтатын болсам ешқандай артық айтқандық болмайды. Алайда, ең бастысы, біздің еліміздің пайдасын, ұпайын түгендеуге ғана басымдық беруге болмайды. Астана келесі жылы адамзаттық ең негізгі, басты проблемаларын шешетін орталыққа айналады. Бұны біз дұрыс түсінуіміз керек. «ЭКСПО-2017» бүкіл мемлекетіміз үшін қажет.

Бүгінде көрмеге қатысушы-мемлекеттер саны тұрақты өсіп жатыр. Дәл осы жағынан келгенде «ЭКСПО» көрмесін өткізуге ниетті елдер қатарында айтарлықтай бәсеке бары жасырын емес.  

Қазақстан халықаралық көрмені қабылдай отырып, пайда табуға мүмкіндігі бар. Осы мақсатта жасалған көптеген қадамдар, алға есептелген бастамалар бар. Бұл жерде біздің Мемлекет басшысының екі бастамасына тоқталу керек. Өткен жылдың аяғында өткен Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясында сөз сөйлеген Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «ЭКСПО-2017» көрмесінің инфрақұрылымы негізінде жасыл технологияны дамыту бойынша Халықаралық хаб ашуды ұсынды. Бұл өте маңызы зор оқиға.

Ойлап қараңыз, бұл орталық энергияны үнемдеу және жаңартылған энергия көздері сияқты басымдық берілетін бағыттардағы озық технологияларды дамыта алады қазіргі кездің өзінде шетелдік мамандар хаб құру бастамасына үлкен қызығушылық танытуда. Олар мұндай жоба АҚШ-тағы «кремний алқабымен» немесе Қытайдағы Бейжің технологиялық орталығымен парапар болады деуде.  

Екіншіден, «ЭКСПО-2017» инфрақұрылымдарының негізінде құрылатын, ағылшын преценденттік құқық негізінде қызмет ететін және міндетті түрде осы мәселені жасағанда Дубайдың тәжірибесін зерттеп, пайдаланылатын «Астана» қаржы орталығы құрылмақ. Британдық заңнамалар бүкіл әлемде үлкен сұранысқа ие жән заңды жүргізу бүкіл әлемде сұранысқа ие, ағылшындық құқық негізінде заңды жүргізу бизнес-қоғамдағы  заманауи трендтерге сәйкес. Бұл өз кезегінде елміздің экономикасына шетелдік инвестицияларды тартуға жақсы фактор болады.

«Айқын» газетінде жарияланған «Астана ЭКСПО-2017» қоғамдық кеңесінің төрағасы, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов мырзаның сұхбаты негізінде әзірлеген: Дархан Мұқантегі.

 

 

Қатысты Мақалалар