Астана қаласында салынып жатқан «Абу-Даби Плаза» кешенінде тағы да өрт шықты, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Бұл жолы «Плазаның» астыңғы жағындағы екінші қабат өртенген.
Өр туралы хабар кезекші қызметтерге түнгі сағат 00.43-те түскен. Өрт сөндірушілер келгенде минералды мақта (қаптайтын материал) өртеніп жатқанын көрген. От шалған аймақтың ауданы – 50 шаршы метр.
Өрт түнгі сағат 03.25-те толықтай сөндірілген. Тілсіз жауды ауыздықтауға астаналық өрт сөндірушілер барлығы 41 адам мен 10 арнайы техника жұмылдырған.