"ЭКСПО" ІСІ БОЙЫНША ТЕРГЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ ЖАРИЯЛАНДЫ (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708232219855_small.jpg

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Т. Ермегияевтің жүргізушісі әрі оққағары болған Саят Нәдірбаев бұрынғы басшысына қарсы куәллік берген, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Тергеу барысында күдіктілердің телефонмен әңгімелесулері мен басқа да материалдарды Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюро ақпарат құралдарына жариялап отыр.

Жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдеріне Т. Ермегияевтің қылмыстық схемасын С. Нәдірбаев өткен жылдың жазында-ақ айтып берген көрінеді. Қаржы полицейлері ЭКСПО айналасындағы қылмыстық схемалардың біразын осы С. Нәдірбаевтің мойындаулары арқылы анықтаған. Алайда, басшысына қарсы куәлік берген жүргізуші кейін ұшты-күйлі жоғалып кетеді. С. Нәдірбаев 28 наурыз күні Алматы қаласында қайтадан құрықталды. С. Нәдірбаевтің көзден таса болуын тергеушілер күдікті Т. Ермегиевтің ісі деп отыр. Олардың айтуынша, С. Нәдірбаевті негізгі куәгер ретінде күдіктінің әкесі Амангелді Ермегияев Алматыдағы таныстарының көмегімен бірнеше ай бойы жасырып келген.

Осы іс бойынша С. Нәдірбаев және оны жасыруды ұйымдастырған Н. Молдашев пен С. Ережеп Алматы қаласындағы уақытша ұстау изоляторларының біріне қамалды.

Естеріңізге салсақ, мемлекет қаржысын жымқырды деген айып тағылған «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Т. Ермегияев пен оның сыбайластарының ісі бойынша сот отырыстары Астанада 18 наурызда басталған болатын. Оларға 10 миллиард теңгеден астам мемлекет қаржысын жымқырды деген айып тағылды.

 

Қатысты Мақалалар