Қазақстан-Ресей шекарасында жолаушыдан самурайдың семсері тәркіленді

/uploads/thumbnail/20170708232239590_small.jpg

Қазақстандық шекарашылар Астанадан Петерборға жол тартқан пойыздың жолаушысынан қолдан жасалған самурай семсерін тәркіледі, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қазақ-ресей шекарасында орналасқан Қостанай шекара жасағына қарасты «Қайрак теміржол» бақылау-өткізу бекетінің шекарашылары Астанадан Санкт-Петербург қаласына кетіп бара жатқан азаматқа шекаралық бақылау жасағанда оның сөмкесінен суық қаруды тапты», - делінген ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.  

Семсер қол жүгін тексеру кезінде - сөмкеден табылған. Қарудың ұзындығы 46 см, ені - 2,5 см, қалыңдығы - 5 мм, пышағының ұзындығы - 29 см. Қолдан жасалған семсердің салмағы 1100 грамм тартады.

Ұсталу фактісі бойынша құқық қорғау және олармен өзара іс-қимылдағы органдар хабардар етілді.

Қатысты Мақалалар