Ғаламдық энциклопедия wikipedia желісінде қазақтың бір туар ұлы, атақты Абылай ханның атасы, Түркістан мен Үргенішті билеген, тарихта "Қанішер Абылай" деген атпен қалған Абылай Уәлибақыұлын қаралаған жазба жарияланды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Қазақ ханын қорлаған жазба туралы Фейсбук әлеуметтік желісінде Нұрлан Сұлтанов есімді қолданушы дабыл қақты.
Энциклопедияданың орысша бетіндегі «Абылай хан Каншер» деген тақырыппен жазылған анықтамаға шындыққа жанаспайтын мәліметтер енгізілген. Атап айтқанда, қазақ ханын «Анальді зұлым», «Барак Обаманың он алтыншы бабасы» деп атап, қазақ халқы мен оның ханына қатысты басқа да жалған ақпараттар орналастырылған.



«Бұл ешқандай да 1 сәуір әзілі емес. Сенбесеңіздер мына сілтемеге кіріп көз жеткізіңіздер», - деп жазады ол.
Нұрлан Сұлтан бұл өзгерістер Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтына тиесілі 92.46.10.145 IP мекен жайынан енгізілгенін айтады.
Желі қолданушылары бұл әрекетті тұтастай қазақ халқын қорлау деп бағалап, арнайы органдардан арандатушыны табуды талап етуде.
Мақала жарияланған уақытта (01.04.2016 ж., сағат 13.40) жоғарыда аталған жазба өзгертіліп, Абылай ханды қаралайтын сөздердің алынып тасталғаны белгілі болды.
