Екінші мәрте Қазақстан өз тарихында бокстан ерлер командасын Олимпиада ойындарына толық құрамда жасақтады, яғни Риоға 10 спортшы аттанады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы «ҚазАқпартқа» сілтеме жасап.
Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметіне сенсек, 1996 жылы Атлантаға 8 бокшы ер-азамат барды, 2000 жылы Мельбурнде - 7-у, 2004 жылы Афинада - 8, 2008 жылы Бейжіңде - 10, 2012 жылы Лондон Олимпиадасына - 9 ер боксшымыз қатысты.
Қытайда өткен бокстан Азия және Мұхит аймағы елдері бойынша Олимпиада ойындарына жолдама берілетін турнирде Қазақстан Риодағы Олимпиадаға жеті жолдама ұтып алды, оның бірін қызымыз - Дариға Шәкімова (75 келі) иеленді, қалған алтауы ерлерге тиесілі - Олжас Сәттібаев (52 келі), Қайрат Ералиев (56 келі), Абылайхан Жүсіпов (64 келі), Жәнібек Әлімханұлы (75 келі), Әділбек Ниязымбетов (81 келі), Иван Дычко (+91 келі).
Бұған дейін 4 жолдама ұтып алынған еді. Данияр Елеусінов (69 келі) Дохада өткен әлем біріншілігінде жеңіп алды, Василий Левит (90 келі) - WSB жобасында, Біржан Жақыпов (49 келі) пен Берік Әбдірахмановтар (60 келі) -AIBA Pro-Boxing жобасында лицензияға ие болды.
Осылайша, Қазақстанның ерлерден жасақталған 10 боксшысы мен Риоға аттанатын командасы толық жасақталды.
Қалған 52 және 60 келіге дейінгі салмақ дәрежелеріндегі қыздардың жолдамасы бойынша әлі де мүмкіндік бар. 19-27 мамырда Астанада бокстан әлем біріншілігі өтеді. Чемпионатта әр салмақ дәрежесінде 4 жолдамадан сарапқа салынады.