Қазақстандағы жер қатынастарын реттейтін құрылымдардың жұмысына жүргізілген тексерулер шенеуніктердің шалағайлығынан мемлекетке 2 миллиард теңге залал келгенін анықтады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті 2015 жылы жергілікті атқарушы органдардың жер учаскелерін беру, олардың нысаналы мақсатын өзгерту және мемлекеттік мұқтаждар үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы шешімдердің заңдылығына 124 тексеру, оның ішінде: 29 жоспарлы тексеру; жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың өтініштері, сондай-ақ прокуратура органдарының тапсырмалары бойынша 95 жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тексеру барысында жергілікті атқарушы органдардың жер учаскелерін беру, беруден бас тарту және олардың нысаналы мақсатын өзгерту туралы 27850 шешім қабылданды.
Көрсетілген шешімдердің ішінен 1571 шешім жер заңнамасының нормалары мен талаптарын бұза отырып қабылданған, 143 шешім заңсыз немесе орындалмаған ретінде күшін жоюға жатады.
Лауазымды тұлғаларға қатысты 261 әкімшілік іс қозғалды.
Жергілікті атқарушы және уәкілетті органдардың лауазымды тұлғаларына айыппұл түрінде 35 жазалау шарасы қабылданды, айыппұлдың құны 4,1 млн. теңгені құрайды.
Жергілікті атқарушы органдарға жер заңнамасын бұзушылықты, оған ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы 84 нұсқама берілді.
Сонымен қатар, әкімдіктердің және оның уәкілетті органдарының 9 лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Берілген нұсқамалардың нәтижелері бойынша 101 заңсыз шешімнің күші жойылды, қалғандары бойынша наразылық-талап ету жұмысы жүргізіліп жатыр.
Комитет заңсыз қабылданған шешімнің күшін жою туралы сотқа 5 талап-арыз берді, оларды сот толық қанағаттандырды.
Сонымен, сот тәртібінде Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл, Қызылжар аудандары әкімдіктерінің алаңы 329,0 мың га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді «Богви» ЖШС-қа, «Донское» ЖШС пен «Вега» ЖШС-қа беру туралы заңсыз қабылданған шешімдерінің күші жойылды.
Бүгінгі күні «Вега» ЖШС-ның жері мемлекеттік меншікке қайтарылды, «Богви» ЖШС пен «Донское» ЖШС-ның жері заңсыз деп тоқтап тұр және ұзақ уақыт бойы нысаналы мақсатта пайдаланылмағандықтан мемлекеттік меншікке қайтарылатын болады.
2015 жылы Комитеттің мамандары бақылаудың өзге нысандарына сәйкес прокуратура органдары және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қозғаған қылмыстық істің материалдары бойынша 230 жер учаскесіне қатысты 82 қорытынды дайындады
Қылмыстық істерді қараудың барысында мамандар қорытындылар дайындады, осы қорытындылардың негізінде лауазымды тұлғалардың заңсыз және алаяқтық әрекеттерінің нәтижесінде мемлекетке 1 млрд. 934 млн. теңге сомасында шығын келгені анықталды.
Соттардың шешімдері бойынша 5 лауазымды тұлға сотталды және мемлекетке 158 млн.