Алматы қаласы «Көкжиек» ықшам ауданында аулаларда тұрған көліктерді тонап жүрген ұрылар ұсталды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Zakon.kz – ке сілтеме жасап.
«Көкжиек» тұрғындары таңға таман аулада тұрған көліктердің капотын ашып, шешіп алған заттарды Мазда көлігіне тиеп жүрген үш жігітті көріп полицияға хабарлаған. Қоңырау бойынша келген патруль экипажы ауданды аралап жүріп, күдіктілер мінген көлікті тоқтатады. Көлік ішінде жүргізушіден басқа үш жігіт болған. Полицейлерге көлік жүргізуші ә дегеннен өзінің таксиші екенін, үш жігітті көк базардан осында алып келгенін, қазмет ақысына 9 мың теңге алуға келіскенін айтады. Алайда, жүргізушінің бұл сөзіне көліктің мемлекеттік нөмірінің бір бөлігі қолғаппен бүркелгеніне қарап полицейлер күдікпен қарап отыр.
Ұсталған көліктің жүк салғышынан машинаның 4 аккумуляторы, 2 валюметр және Мерседес-Бенц көлігінің 2 қозғалтқыш басқару блогы табылды. Полицейлер ұрылар ұсталған аумақтан тоналған көліктерді де анықтады.




Ұсталған төртеу Жетісу аудандық ішкі істер басқармасына жеткзілді.