Ресейдің НТВ арнасы эфирден Путиннің саяси қарсыласы Михаил Касьяновқа ұқсайтын біреудің Кремльдің тағы бір жақсы көрмейтін адамы, оппозициялық ПАРНАС партиясының белсендісі Наталья Пелевинаға ұқсайтын біреумен төсекте жатқан сәті түсірілген видеоны жариялады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
НТВ арнасы әзірлеген «Касьянов день» зерттеуіндегі көрсетілген видеодағы адамдар шынымен М. Касьянов пен Н. Пелевина ма, басқа адам ба, ол жақын күндері белгілі болады. Алайда, Кремль осындай материалдарды «жасау» арқылы, оппозиция арасына от салуды, саяси опоозиция мүшелерін бір-біріне қарсы қоюды мақсат ететінін, ең бастысы ресейлік арнайы органдар билікке сыни көзқарас ұстанатын тұлғалардың жеке өміріне дейін мұқият бақылайтынын, қажет болса, жасырын аудио-видео жазба жүргізетінін білдіріп қойды.