Қазақтың өлшемді латын әліпбиі

/uploads/thumbnail/20170708233100300_small.jpg

«Дүниедегі жолдардың барлығы Риімге алып барады» - деген секілді «Дүниедегі тілдердің барлығы латын тіліне алып барады». Бұл тілдің ғылыми әрі көркем жасалғаны соншалықты, тіпті одан кемшілік іздеудің өзі қылмыс секілді. Ал оның алфавитінің тұғырының беріктігі соншалықты, екі мың жыл бойы тіпті ешқандай өзгеріске жолықпаған деуге де болады. Сондықтан да болар, қазіргі таңда дүниедегі тілдердің 80 пайызы осы латын алфавитінде сөйлейді. Сол себепті қай тілдің болмасын латын әліпбиінде жазылуының өзі бір мәртебе.

Ал енді біз мың жерден оған қарсы шығайық, бәрібір одан құтыла алмаймыз: дөкіменттеріміздегі аты жөндеріміз латынша жазылу керек; әр-түрлі келісім шарттарда жер-су, көше, қала, елдімекен атауларын, адам есімдерін латынша жазуға тура келеді. Бұл үшін қазақ тіліне сол 26 таңба арқылы қазақ тілін толыққанды бейнелей алатын өлшемді латын әліпбиі керек. Ал енді қазақтың өлшемді латын әліпбиі дегеніміз не? Ол дегеніміз латынның 26 таңбалы стандартты әліпбиі ауқымында жасалған латын әліпбиі болып табылады. Бұндай әліпби орыс тілінде де, қытай тілінде де бар, ал қазақ тілінде әлі күнге дейін жасалмаған. Сондықтан қазақ есімдері мен жер-су аттары түрлі құжаттар мен дөкіменттерде латын әрпінде дұрыс жазылмай келеді. Мысалға: Almaty деген сөзді алсақ ол Алматй болып оқылуға тиіс, өйткені латын тіліндегі “у” біздегі қысқа “й” дауыссыз болып келеді.

Латын тілі бүкіл дүние тілдерінің тұғыры. Қазіргі ағылшын, француз, неміс, италиан секілді өркениет тілдері бастауын сол латын тілінен алады. Сондықтан әліпби жасауда таза латын тілінің өз заңдылықтарын негіз еткеніміз жөн. Сонымен қатар орыс тілінің латын тілі факторының әсерінен бүкілдей арылуымыз керек, немесе қазіргі кириль әліпбесін мүлде жоқ деп есептеп, таза латын топырағынан таза қазақ тіліне сай әліпбе жасауымыз керек. Ағылшын тілінің дүниені жаулауына байланысты, соның тілдік заңдылықтарына да көңіл бөлмесек болмайды. Осы тұрғыдан таза 26 таңбадан қазақ әліпбесін жасаған жөн деп есептеймін. Себебі дүние жүзінде тіл саясаты деген болады екен, ол саясаттар тілдер ара шайқастардың негізі, бір бірін әлсірету үшін белгілі кедергілер пайдалынады. Ең жиі қолданылатын тәсілі әліпбидегі ерекше таңбаларға қойылатын кедергілер. Әсіресе тұғыры әлсіз тілдер осыдан көп зардап шегеді екен. Осы жөнінен айтқанда 26 таңбалы латын әліпбиіне еш кім кедергі жасай алмайтыны белгілі. Сосын, күннен күнге жылдамдап бара жатқан техниканың жаңаруына да анағұрлым тез икемделе алады. Әр түрлі дөкіменттерімізде аты жөніміз латын әліпбиінде толыққанды жазылады. Әр түрлі қариталарда жер су аттары дұрыс жазылады. Бұл тіліміздің әлем кеңістігінде кедергісіз шалықтауына мүмкіндік береді. Ал қазақ әліпбиінің аналығы ретінде А.Байтұрсынұлының төтежазу әліпбиі мен идеасын басшылыққа алуды жөн көрдім, өйткені ол осыған дейінгі ең дұрыс әрі ғылыми жасалған әліпби болып табылады.

                         

 

Қазақтың өлшемді латын әліпбиі – Өркен Тоқтарұлы

Негізгі таңбалар

Латынша

Кирил-қазақша

Басылуы

Жазылуы

Аталуы

Оқылуы

A a

A a

а

а

B b

B b

бы

б

C c

C c

шы

ш

D d

D d

ды

д

E e

E e

е

е

F f

F f

еф

ф

G g

G g

гі

г

H h

H h

һа

һ

I i

I i

і

і, (ы)

J j

J j

жі

ж

K k

K k

кі

к

L l

L l

ел

л

M m

M m

ем

м

N n

N n

ен

н

O o

O o

о

о

P p

P p

пы

п

Q q

Q q

қу

қ

R r

R r

ер

р

S s

S s

ес

с

T t

T t

ті

т

U u

U u

ұ

ұ

V v

V v

 вый

 в

W w

W w

дабылу

у

X x

X x

ғы

ғ

Y y

Y y

ай

й, (и)

Z z

Z z

зет

з

`

`

жуандық

 

Құрама таңбалар

Басылуы

оқылуы

Басылуы

Оқылуы

AE ae   (Ää)

ә

NH nh  (Ŋŋ)

ң

CH ch

ч

OE oe  (Öö)

ө

(2)  GH  gh

ғ

(2)  PH ph

ф

I` i`  (Ĭ ĭ)

ы

(2)  SH sh

ш

KH kh

х

UE ue  (Üü)

ү

 

(2) - дыбыс құраудың қосалқы баламасы; Жақша ішінде таңбаның ықшам түрі.

 

 

Толықтыру:

  1. Жуандық « белгісі  «i» таңбасына қойылып, жуан [ы] дыбысын беруге арналған. М: ti`nh [тың], i`s [ыс], mi`s [мыс], mi`y [мый] т.б. «q», «x», «o», «u», «a», «i дыбыстары бар жуан буынды сөздерде, қазақ тілінің үндестік заңы бойынша, жуандық белгiсi « қойылмай жазылады, ал оқылғанда [ы] болып оқылады. М: qisqa [қысқа], uzin [ұзын], xilim [ғылым], alim [алым], qorim [қорым], i`risti [ырысты].  t.b.;
  2. «і» таңбасы шет тілдерінен енген сөздерде, дауысты дыбыстармен тіркесіп келгенде [й] болып дыбысталады. М: Italia [ыталия], Russia [рұссия], Francia [франшия];
  3. Бір буындағы  бір дыбыс беретін екі дауысты дыбысты диграф деп атайды. Олар: «ae» [ә] (aera [әра] мыңжылдық), «ое» [ө] (poena [пөна] жаза) және «ue» [ү] (true [трү] шындық). Егер әріптер тіркесін яғни диграфтарды бөлек оқу қажет болса, екінші әріптің үстінен қос нүкте [ ¨ ] (трема ) немесе ұзақтық  белгісі [ ‾ ] қойылады, мысалы:  poёta немесе  poēta [поета] ақын. Ал қазақ тілінде олардың арасына айыру белгісін «’» қойу арқылы бөлек оқуға болады. М: po’eta, po’ema, a’edon, т.б. Латын тіліндегі қос таңбалы (диграф) «ae», «oe», «ue» дыбыстарының дыбысталуы қазақшадағы [ә], [ө], [ү] дыбыстарының дәл өзі. Бұл дыбыстар қазақ тілінде көбінесе бірінші буында келетіндіктен, диграф арқылы бейнелеу сөздің көлеміне онша әсер ете қоймайды. М: oezen, koel, daerya, kuen, tuen, Aebic, Aeset, aedemilik, oeskelenh т.б.;
  4. Қазақ тілінде, тіпті А.Байтұрсынұлының «Төте жазу» әліпбйінде [и] дыбысы болмаған Шынтуайтында орыстың [и] дыбысы қазақтың [ і ] дыбысымен орны сәйкес келуі керек еді. Бұл дыбыс өзбек, ұйғыр, татар тілдерінде [и] болып келеді. Сондықтан тілімізге артық [и] дыбысы мен таңбасын қазақ тілінен шығарып тастаған жөн;
  5. Латыншадағы «y» таңбасы қазақшадағы дауысты-дауыссыз [й] мен [и] ге бiрдей қолданылады. Қазақ тіліндегі «r» «w» «y» «z» дыбыс таңбаларының алдында табиғи түрде  [і]-[ы] дыбыстары жасырын сақталған. Сондықтан бұл таңбалардың дауыссыз дыбыстармен [і]-[ы] дыбыстарынсыз тікелей тіркесіп келулеріне болады. Алайда, тіліміздің нақтылығын арттыру үшін, түбір сөздердің бірінші буынында жуан-жіңішкеліктері мен еріндік езуліктерін дәл көрсетіп жазған жөн. М: s`yliq, uw, uwis, kyw, jetisw, s`w, suewret, t`yim, kelw, aedeby, qiltyma, Atraw, qzil,  qarz, traektr, t.b.;
  6. Бас әріптен латын тілінде адам есімдері (Iulia, Marcus, Caesar), географиялық атаулар (Roma, Europa, Italia), халықтардың атаулары (Latini, Romanus, Graeci ) және зат есімнен жасалған сын есімдер жазылады (lingua Latina, theatrum Graecum, philosophus Romanus,  nation Polona);
  7. Бір буындағы екі дауысты дыбыс дифтонг деп аталады. Латын тілінде екі дифтонг бар. Олар: «au» [ау] және «eu» [еу]. М: Eu-ro-pa [еуропа] Еуропа, causa [кауза] себеп;
  8. Латынның «c» таңбасының «Codex Cumanicus» әдебиетіндегі қолданылуы қыпшақ тіліндегі [ш] дыбысы. XIII ғасырғы «Кодекс куманикус» әдебиеттерінде ол көбінесе [ш] фонемасына қолданылған болатын. Қазіргі бірталай түркі халықтарында ол [ж] немесе [ч] фонемасына қолданылады. Сондықтан онымен [ш] фонемасын белгілеген жөн;
  9. Латындағы «х» таңбасы классикалық түрінде [кс] немесе ұяң түрде [гз] болып дыбысталады. Бізде ондай дыбыс жоқ. Бір жағынан біз кирилицаның «х» әрпіне үйреніп қалғанбыз, ал екінші жағынан [кс] және [гс] дыбысы өзіміздің [ғ] фонемамызға біршама жақын. Сосын, XIII ғасырғы «Кодекс куманикус» әдебиеттерінде ол көбінесе қыпшақ тіліндегі [ғ] дыбысына қолданылған болатын. Сондықтан бұл әріпті [ғ] фонемамызға қолданғанымыз жөн. М: xaric (ғарыш), tuwxan (туған);
  10. Латыншадағы «h» таңбасы қазақ тіліндегі [һ] дыбысын белгілеуге арналды. Бұл дыбыс қазақ тілінде сирек қолданылғанымен, құрама дыбыстарды жасауда өте қажет дыбыс таңбасы. Сондықтан бұл дыбысты қысқартуға немесе басқа дыбысқа пайдалануға болмайды. М: sh, gh, th, ch, ph, nh, kh, zh, xh;
  11. Орыс тілінен енген «е» [йе] дыбыс таңбасы латыншада «ye» болып жазылады. М: Sansizbayev, Yelyena Yevgyeniy, Qazanbayeva, Aytbayev, Tsaryeva, Yekatyeriyna t.b.;
  12. Халқаралық өлшемге келтіру үшін, жер-су аттары мен адам есімдеріндегі [ғ], [ш], [ф] дыбыстарын құрама таңбалардың қосалқы баламалары (2) арқылы таңбалауға да болады. М: Manghistaw, Ghalim, Qaraghandi, Shi`mkent, Pharyza, Aebish т.б.;
  13. Қолдан келген жағдайда [ә], [ө], [ү], [ң], [ы] дыбыстарына құрама таңбалардың ықшам ттүрін қолдануға да болады. М: Äset (Aeset), saŋlaq (sanhlaq), Öskemen (Oeskemen), Ĭdĭrĭs (I`diris), Sĭxanaq (Si`xanaq), Ürimci (Uerimci), ülken (uelken), üstel (uestel) t.b.

 

Латын әліпбиінің бір ерекшелігі – оның ерекше икемділігінде. Тіпті қытайдың дүниеде жоқ дыбыстары да латын әрпімен бейнелене алады. Онда екі-үш таңбамен бір дыбысты беруге болады.

Мысалды XIII ғасырда жазылған «Кодекс куманикус» шығармаларынан алсақ:

  1. kkce ulaxim kgnde semirir. Ol xowun

[көкше ұлағым көгенде семірір. Ол ғоуұн. p.73]

  1. Olturganim oba yer basqanim baqir canaq

[Олтұрғаным оба йер басқаным бақыр шанақ. Ол үзеңгі.]

  1. [CC, 120/145] Yazda yavli/yawli toqmaq yatir. Ol kirpi-dir.

[Йазда йаулы тоқмақ йатыр. Ол кірпідір]

  1. [CC, 119/143] aq kmening avzu yoq. Ol yumurtqa

[Ақ кеменің аузы йоқ. Ол йұмұртқа]

  1. [CC,120/145] burunsiz buz teser. Ol qoy bogu.

[Бұрұнсыз бұз тесер. Ол қой богұ]

Ғалымдардың айтуынша «Кодекс куманикусты» жазған адам қыпшақ тілінен хабарсыз латын тілді оқымысты көрінеді. Бір жақтан ести отырып, тағы бір жақтан кітапты жазу барысында қателіктер жіберген көрінеді. Соның өзінде оның есітіп жазғандары қазіргі сауатсыз қазақтарымыздан анағұрлым дұрыс секілді. Бұдан түйетініміз латын жазуының жоғары икемділігінде. Тіпті онымен өзің түсінбейтін тілдегі информацияларды қағазға жоғары дәлдікпен түсіруге болады екен.

Латын әліпбиін жасауда ең алдымен осы «Кодекс куманикус»-қа көбірек мән бердім. Өз әліппеммен жоғарыдағы мәтіндерді жазып көрсем:

  1. Koek ulaxim koegende semirir. Ol xowun;
  2. Olturxanim oba yer, basqanim baqir canaq;
  3. Yazda yawli toqmaq yatir. Ol kirpi-dir;
  4. Aq kemeninh awzi yoq. Ol yumurtqa;
  5. Burunsiz buz teser. Ol qoy boxu.

Barliq adamdar t`wmisinan azat jaene qadir-qasyeti men quqiqtari tenh bolip duenyege keledi. Adamdarxa aqil-parasat, ar-ojdan berilgen, sondiqtan olar bir-birimen t`wistiq, bawrmaldiq qarim-qatinas jasawlari tyis.

Өркен Тоқтарұлы

Қатысты Мақалалар