Қазіргі Батыс ғалымдарының (ішінде мұсылмандары да бар) жетістіктері туралы әңгіме шықса болды, "Пой, сол да сөз боп па? Батыс бәрін Шығыстан үйренген. Кезінде халиф Мамунның Бәйт уль-Хикмасында еңбек еткен ғұламаларымыздың салып берген жолын пайдаланып жатыр ғой бұлар" дейтіндер өте көп. Осындай әңгіме айтатын кейбір адамдарды сол халиф Мамунның заманына апарып, Бәйт уль-Хикманың ішіне кіргізіп жіберсе, әл-Фарабиді "музыкалық аспапқа табынған ширктің атасы", әл-Бируниді "кәпір үндіні мақтаған қаңғыбас диуана", әл-Хорезмиді "жиһадтан жұлдызды жоғары қойған жарымес", әл-Ғазалиді "тәухидке қарсы шығушы бидғаның басы" деп атап, бәрін "Аристотельді пір тұтқан дінбұзар", "Батыстың қуыршақтары" деп жариялап, реті келсе дарға асу жазасын сұрар еді. Ғылым мен технология жаңарып, өзгеріп тұрады. Кертартпаның мінезі өзгермейді.