Мамырдың 31-ші жұлдызында американдық Microsoft корпорациясы тұтынушыларды жаңа бағдарламамен қуантатындығын мәлімдеген болатын. Біздің күнделікті жұсыс жасап жүрген Windows 7 жобасының орнын енді Windows 8 Release Preview басатын болады. 2 маусымнан бастап компания жаңа бағдарламаны халыққа таныстыра отырып, әлемнің 131 еліне таратуды бастады. Жаңа өнімнің қазіргі кезде қолданылып жүрген бағдарламадан артықшылықтары өте көп екендігін және сенсорлы пайдалануға икемделгенін компания қызметкерлері жеткізді. Сенсорлы қолданысқа адаптацияланғандығымен қоса пернетақта мен тышқан арқылы да қызмет ете алатын бағдарламаның 14 тілде жасалған версиясы бар және таратылуда. Корпарацияның жаңа ноу-хауын халыққа тұтынуға мүмкіндік берілген алғашқы күннің өзінде 1 миллионнан астам тұтынушы өз компьютерлеріне жүктеп алған.
Аталмыш бағдарламаның маңыздылығы жөнінде Microsoft корпорациясының Windows және Windows Live бөлімінің президенті Стивен Синофски «Windows 8 Release Preview өнімін жасау барысы біз үшін өте маңызды» деп атап өтті. Келесі айдан бастап компания қызметкерлері түрлі ұйымдарға бағдарламаның қызметін түсіндірмек.
Пікір қалдыру