Прагадағы Қазақстан Елшілігі 2016 жылы 26 сәуірде «Ою» көрмесінің ашылуына қатысты. Оны Чехияда аккредиттелген Ислам ынтымақтастығы ұйымы елдерінің елшіліктері ұйымдастырды, - деп хабарлайды Qamshy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
ЧР және СР-дағы ҚР елшілігінің хабарлауынша, аталған көрме 1 мамырға дейін жалғасады. Ол Чехия мен мұсылман әлемі арасындағы конфессияаралық және мәдени ынтымақтастықты дамытуға бағытталған. Көрмеде қолдан тігілген ұлттық киімдер, кілемдер, суреттер, қыштан және саздан жасалған ыдыстар, зергерлік бұйымдар және т.б. қойылды.
Көрменің ашылу салтанатына Чехия Республикасының Үкіметі мен Парламентінің өкілдері, дипломаттар, чехиялық журналистер және мәдени қайраткерлері қатысты.
Қазақстанның экспозициясында еліміздің ұлттық киімдері мен тұрмыстық заттары бар.