Мас сержант әріптесін атып өлтірген

/uploads/thumbnail/20170709003814958_small.jpg

Мас сержант әріптесін атып өлтірген, - деп хабарлайды Qamshy.kz порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттың үкімімен №7 әскери бөлімінің сержанты өзінің қызметтік әріптесін өлтіргені үшін 13 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қатаң тәртіптегі түзеу мекемесінде өтейтін болды.

"Басты сот талқылауында анықталғандай, әскери бөлімінің сержанты жәбірленушімен ашу-араздық  қарым-қатынастарда болып, мас күйінде өзінің қызметтік әріптесін екі рет аңшылық қарумен атқан, нәтижесінде жәбірленуші оқиға болған жерде қаза болған. Жәбірленушіні өлтіргеннен кейін ол оның мәйітін автокөлікке салып алып, облыс аумағының сыртына шығарып тастап кеткен", - делінген хабарламада. 

Қатысты Мақалалар