Ақтөбеде бүлдіршіндер мектепке молалардың арасымен барып жүр (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709003819286_small.jpg

Ақтөбе облысы, Қызылжар-2 ауылында жолдың жоқтығынан бүлдіршіндер мектепке зираттардың арасымен барып жүр. Тіпті кішкентай балалар адамды жерлеу рәсімдеріне сан мәрте куәгер болған екен, - деп хабарлайды 31 арна.

Өйткені, молалардың арасындағы жалғыз аяқ жолдан басқа көрші ауылдың үш шақырым жердегі мектебіне апаратын жол жоқ. Ал тиісті мекеме мамандары, білім ордасын салу үшін екі ауыл арасындағы ара қашықтық үш шақырымнан асу керек дейді. Автобус бөлу үшін де мектеппен ара қашықтық үш шақырымнан асуы керек екен дейді шенділер.

Ауыл балалары көрші Қызылжардың мектебіне қатынап оқиды. Ауылда мың жарым шаңырақ бар. Бірақ әлі күнге дейін мектеп салынбапты. Мектеп түгілі қоғамдық көліктің өзі  жол болмағандықтан, ауылды айналып өтетін көрінеді. Ал автобусқа бару үшін халық тас жолға дейін жаяу барады. Балалардың өзі де қаршадайынан талай рет адамды жерлеп жатқанын, қорымдар қазып жатқанын көріп әбден шошып болған.

Қызылжар-2 ауылы тұрғындарына мектеп салу да, жол тарту да бюджетте жоспарланған. Бірақ қашан жүзеге асатыны әлі де болса беймәлім.

Қатысты Мақалалар