Білім саласында жасалып жатқан реформа бұл эксперименттік жоба емес, деп хабарлайды Qamshy.kz порталы.
Бұл туралы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде 2015 жылғы министрліктің атқарған жұмыстары туралы есебінде мәлімдеді.
«Бұл реформаны эксперимент ретінде қарауға болмайды. Себебі, эксперименттер бұған дейін толық аяқталды. Енлі кезең бойынша 2019 жылға дейін еліміздегі 7,5 мың мектепке осы жүйе енгізіліп, жұмыс істейтін боламыз», - деді Е.Сағадиев.
Есеп беру барысында министр баланы мектепке алты жастан бару мәселесін де сөз етті. «Көптеген балалар алты жастан мектепке барса, кейбірі әлі балабақшада жүр. Сондықтан, баланы мектепке алты жастан беру тиімді әрі осылай болады», деді. Сонымен қатар, министр ұзтаздар қауымыз есеп беру мен жиі болатын тексерістен құтқаратындығын айтып сендірді. «Бұдан кейін қағаз толтырып, түрлі есеп тапсыру міндетті болмайды», - деп атап өтті министр.