26 мамырда еліміздің кинотеатр экрандарына Disney студиясының "Алиса айнаның арғы бетінде" фильмінің қазақшаға аударылған нұсқасы шығады, - деп хабарлайды Qamshy.kz порталы Tengrinews.kz –ке сілтеме жасап.
Бұл Льюис Кэрроллдың естен кетпес кейіпкерлерінің қызықты оқиғасы жайлы фильм. Алиса өзінің елестеткен Жерасты әлеміне қайтып келіп, Қалпақшыны құтқару үшін өткен өміріне саяхат жасайды. Картинаның режиссері Джеймс Бобин "Алиса ғажайыптар әлемінде" фильмінде өзінің өмірге деген ерекше көзқарасын көрсетеді. Фильмнің сценарийін Линда Вулвертон Льюис Кэрроллдың ойлап тапқан кейіпкерлері негізінде жазған.
Қазақшаға аударылған нұсқаның режиссері Айжан Жәмшітова, бұдан бұрын ол "Джунгли кітабы", "Күлбикеш", "Малефисента" фильмдерінде және "Көліктер" атты анимациялық фильмінің дубляжына қатысқан. Дубляждау жұмыстары отандық Aray Мedia Group кәсіби дыбыс жазу студиясында, ал ақтық дубляждау жұмыстары Лондондағы Shepperton студиясында іске асырылды.
Фильмді дубляждауға қазақстандық 20-дан аса актер қатысты. Олар "Алиса в Зазеркалье" ("Алиса айнаның арғы бетінде") картинасының басты кейіпкерлерін дыбыстады: Назерке Серікболова (Алиса Кингсли), Нартай Сауданбекұлы (Уақыт), Дәурен Серғазин (Қалпақшы Таррант Хайтоп), Айнұр Бермұхамбетова (Ирацебета), Сәнді Қаршалова (Мирана), Майра Омар (Хелен Кингсли), Данияр Сванқұлов (Хамиш), Бекболат Құрманғожаев (Вилкинс), Сағаділдә Үсіпбалиев (Заник Хайтоп), Бейбіт Құсанбаев (Мактвисп), Қымбат Тілеуова (Мальямкин), Шах-Мұрат Ордабаев (Тэкири).