Орыс мектептеріндегі қазақ тілі пәні 300 сағатқа артады

/uploads/thumbnail/20170709004055632_small.jpg

Орыс мектептеріндегі қазақ тілі пәні 300 сағатқа артады, - деп хабарлайды Qamshsy.kz .

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев бүгін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық Университетінде өткен есебінде мәлімдеді.  

«Жаңартылған бағдарлама бойынша орыс мектептеріндегі қазақ тілі пәнінің сағаты 300 сағатқа артады» , - деді Сағадиев.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқыту -  үштілді білім беру бағдарламасына көшу шеңберінде жүзеге асырылады.  Алайда, министр үштілді бірлім беруде ең маңыздысы қазақ тілін меңгеру болып табылатынын атап өтті. Қазақ тілін зерттеу – ұлттық білім беру жүйесінің басым бағыттарының бірі екенін еске салды.

«Сондықтан  барлық мектептерде, орыстілді мектептерде  қазақ тілі мен қазақ әдебиеті және Қазақстан тарихы  оқытылады», - деді білім министрі.

Қатысты Мақалалар