Кеше Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясы кезінде жер мәселесіне қатысты пікірін білдірді.
"Шетелдіктерге жер сатылатыны туралы бұрыс ақпараттың тарауынан жер мәселесіне халықтың назары ауып жатыр. Бұған дейін бірнеше рет, тіпті менің өзім мұның жалған екенін айттым. Тағы бір рет ескерткім келеді, ауылшаруашылық жерлерін шетелдіктерге сату туралы мәселе көтерілген емес, талқыланбайды да", - деді Елбасы өз сөзінде.
Сондай-ақ, Елбасы "осы мәселеге көңіл аударғаны үшін ағайынға бір жағынан қуанамын.Лайым әрқашан жерге деген қасиетті көңіл осындай болатын болса, біздің халық қасық қаны қалғанша осы жерді қоғайды деп білемін" деп алаңға шығып, пікір білдірген азаматтарға ризашылығын білдірген еді. Дегенмен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жер Кодексіне енгізілген өзгерістерге байланысты дау туғызып жүргендерді жазалау керек екенін де ескертті.
Соған қарамастан Атырау қаласынан кейін, бүгін Ақтөбе Тұғыш Президент атындағы саябақта жиналса, Семей қаласының тұрғындары да түстен кейін "Жеңіс" саябағында митинг өткізген. Жиналғандар "желді жалға бергізбейміз" деп ұрандатып, фото-видеоларын әлеуметтік желілер арқылы таратты.

Сондай-ақ, Жаңаөзендіктер 30 сәуірде Тәуелсіздік алаңында бейбіт шеру өткізуге 60 адам қол қойып, бейбіт шеру өткізуге рұқсат сұраған. Алайда қала әкімдігі рұқсат бермеді.