Таразда 90-ға таяған кейуананы баспанасы үшін киллер жалдап өлтірмек болған әйел сотталды

/uploads/thumbnail/20170709004130164_small.jpg

Валентина Басова былтыр Мерибан Омарова деген келіншекпен танысқан. Ол жалғызбасты зейнеткердің іші бауырына кіріп, өзін мейірімді жан есебінде көрсетіпті. Алайда қамқоршы кейпінде жүрген жанның ойы бұзық болып шығады. Тіпті баспананы өз атына меншіктеу үшін қарт кісіге у бермек болған. Небір құйтырқы әрекеттерден аман қалған әжей ақыры үш-ақ күндік танысына алданып тынады, -деп хабарлайды   Qamshy.kz порталы КТК арнасына  сілтеме жасап.

-Ол маған қарайласатын болып келіскен. Бірақ алдын ала пәтерді қалай рәсімдеуге болатынын білу үшін нотариуске барып келейік деп өтінді. Ол мені дуалады ма түсінбеймін. «Мақұл» деп барып едік, ақша алдым деген жерге, тағы бір жерге қол қой деді, мен қоя салыппын. Сөйтсем ол алаяқ мені тақырға отырғызыпты, - дейді зейнеткен Валентина Басова.

Зейнеткер алаяқ әйелді сотқа беріп, пәтерін қайтарып алған. Алайда 54 жастағы келіншек кейуананың көзін құртуға енді киллер жалдайды. Сөйтіп, әжеймен көрші тұратын жігіттерге 150 мың теңгеге тапсырыс берген. Бірақ мұндай іспен айналысып көрмеген азаматтар дереу тәртіп сақшыларына хабар жеткізеді. Ал әйелді қылмыс үстінде құрықтау үшін пәтер иесінің өлімін қолдан ұйымдастырып, өзін баскесерлерге ақша беру кезінде тұтқындаған.     

Қатысты Мақалалар