Осы аталған мерзімнен бастап Бәйтерек бейнеленген кей теңгелер күшін жояды. Олар 2006 және 2011 жылдары басып шығарылған купюралар деп хабарлайды КТК арнасы.
Бірақ айналымнан шыққан теңгелерді банктер халықтан қабылдап, оларды ауыстыруға міндетті. Ал Ұлттық банк бұл қызметті 2020 жылдың соңына дейін жалғастырмақ.
Айта кетейік, банкноттарды қабылдаудан бас тарту әкімшілік құқық бұзу болып саналады. Бұл үшін шағын кәсіпкерлерге 10, орта бизнес өкілдеріне 20, ал ірі бизнес орындарына 50 мың теңге көлемінде айыппұл салынады.
"Біз таза ақша саясатын ұстанамыз. Яғни, 2 және 5 мыңдық купюралар әрбір 3 жылда, ал 10 мыңдық 5 жылдан соң ауыстырылып отыруы тиіс. Осы уақыт кезеңінде қағаз тозады, оның бояуы кетіп, түрлі дақ түсуі мүмкін", - дейді Ұлттық банктің қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу басқарма басшысының орынбасары Андрей Балахметов.
Пікір қалдыру