Денис Уланов ауыр атлетикадан Азия чемпионы болды

/uploads/thumbnail/20170709004228133_small.jpg

Қазақстандық Денис Уланов Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионатының бас жүлдесіне ие болды, - деп хабарлайды Qamshy.kz порталы Қазақстан арнасына сілтеме жасап.

 

Денис Уланов серпе көтерудің бірінші мүмкіндігінде 160 келіні көтерген болса, екінші мүмкіндікте 165 келіні көтерген. Ал, үшінші мүмкіндігінде ол 168 келіні еңсерді. Сөйтіп, серпе көтеруді 1 орын иеленді.

Жұлқа көтеруде Денис Уланов алғаш 200, одан кейін 205 келіні еркін еңсере алмады. Алайда, үшінші мүмкіндігінде 205 келіні бағындыра білді.

Денис Уланов екі жаттығудың нәтижесінде 373 келіні (168, 205) бағындырып – биылғы Азия чемпионатының алтын медалін иеленді.

Сонымен Ташкент қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында 85 келіге дейінгі салмақ санатындағы жарыс Денистің жеңісімен аяқталды.

Естеріңізге сала кетейік, Денис Уланов 2013 жылы жастар арасындағы Азия чемпионы болған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар