Сербияға барған бес боксшы бес алтынмен бірінші орын алды

/uploads/thumbnail/20170709004229305_small.jpg

Сербия астанасы Белградта аяқталған халықаралық жарыста Қазақстан құрамасы бес боксшымен қатысып, бес алтын алды, - деп хабарлайды Qamshy.kz порталы Baistars.kz сайтына сілтеме жасап.

48 келіде Біржан Жақыпов финалда шотландиялық Акил Ахмедті, 60 келіде Сұлтан Зауырбек бразилиялық Робсон Консейсаоны, 69 келіде Данияр Елеусінов германиялық Аббас Барауды, 81 келіде Нұрбол Алтаев бразилиялық Мичел Боргесті, 91 келіде Василий Левит италиялық Клементе Руссоны жеңді.

Қазақстан бес алтынмен жалпы командалық есепте бірінші орын алды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар