Ташкент қаласының «Истиклол» Концерт залында 4 мың көрерменнің қатысуымен Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығы мен Әлішер Науаидің 575 жылдығына арналған халықаралық айтыс болып өтті. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлады.
Айтысқа өлең жанрының 14 жас әрі тәжірибелі шебері қатысты. Шара достық, қызықты әрі танымдық ортада өтті, қатысушылар шебер суырып салма өнерін, тапқырлығын таныта білді.
Аталған мәдени шараның жеңімпаздары: Жарқынбек Наушабеков (бас жүлде, Сарыағаш қаласы); Құлмахан Дүйсенов (1-ші орын, Өзбекстан Республикасы); Анар Жапарқұлова (2-ші орын, Шымкент қаласы); 3-ші орынды Нұрлан Есенқұлов (Шымкент қаласы) мен Біржан Байтуов (Тараз қаласы) өзара бөлісті.
Айтыстың барлық қатысушыларына Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Елшілігі естелік сыйлықтар мен кәдесыйлар табыстады. Жүлделі орындардың иелеріне ақшалай сыйлықтар берілді.
Пікір қалдыру