Солтүстікте тасқын судың ортасында қалып қойған ауыл табылды (Видео)

/uploads/thumbnail/20170709004404822_small.jpg

Солтүстікте тасқын судың ортасында қалып қойған ауыл табылды. Бескөл деп аталатын елдімекеннің тұрғындары аяқтарына резеңке етік киіп, белуардан су кешіп жүргендеріне бір айдан асыпты, - деп хабарлайды 31 арна

"Мен қазір кішкентай баламен анда-мында жүгіріп жүрмін. Бұл үйде тұруға маған невозможно. Көріп тұрсыздар бұл шіриді. Құлайды", - деген Бескөл ауылының тұрғыны Айнагүл Нұртазина айдың басында солтүстіктің жиырмаға жуық ауылын еріген қар суы басып, тасқынның астында қалғаннан бері тұп-тура 26 күн өтсе де, үй толған су толық кеуіп бітпегенін айтады.

 

Аулаларындағы судың деңгейі тіпті тізеден асады. Бескөлдіктердің айтуынша, резеңке етік бір айдан бері күнделікті киетін аяқ киімге айналыпты.

Ал баспаналарында тұруға болатындардың өздері, балаларымызды жақындарымызға апарып тастаймыз дейді. Өйткені су сіңіп қалғандықтан, көгерген иіс пен ылғалдан ауырып қалады ма деп қорқатындарын айтады.

Айдан артық судың ортасында отырған жұрт мәселелерінің жуық арада шешілуін талап етіп отыр. 

Қатысты Мақалалар