Владимир Седов Азия чемпионатында алтын алды

/uploads/thumbnail/20170709004410010_small.jpg

Қазақстандық Владимир Седов та Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында ауыр атлетикадан өтіп жатқан Азия чемпионатында 94 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, 386 келіні еңсеріп,  бас жүлдеге ие болды, - деп хабарлайды  Qamshy.kz порталы

Күміс жүлдегер Али Хашеми қоссайыста 374 келіні, қола жүлдегер оңтүстік кореялық Парк Хан Вунг 368 келіні алды.

Седов 2009 жылы Талдықорғанда өткен Азия біріншілігінде 85 келіде Азия чемпионы атанған еді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 85 келі салмақта тағы бір отандасымыз Денис Уланов та Азия чемпионы атанған болатын.

Қатысты Мақалалар