Қанат Исламның жекпе-жегі тікелей эфирден көрсетіледі

/uploads/thumbnail/20170709004412729_small.jpg

Отандасымыз Қанат Исламның кәсіпқой бокстағы 21-жекпе-жегін «Қазақстан» Ұлттық арнасы тікелей эфирде көрсетуді жоспарлауда, - деп хабарлайды Qamshy.kz порталы.  Бұл туралы «Қазақстан» РТРК» АҚ баспасөз қызметінен хабар таратты.

Кәсіпқой бокс әлемінде «Қазақ» атымен танылған Исламның бұл жолғы қарсыласы 28 жастағы колумбиялық былғары қолғап шебері Хуан Де Анхель.

Басты кездесуі Ислам мен Де Анхель арасындағы жекпе-жек болып табылатын рейтингтік бокс кеші 9 мамыр күні АҚШ-тың Флорида штатындағы Лейкленд қаласында Астана уақытымен таңғы 07:00-де басталады.

Естеріңізге сала кетейік, кәсіпқой боксқа 2012 жылы ауысқан Қанат Ислам бұған дейінгі өткізген 20 жекпе-жегінің барлығында жеңіске жеткен. Оның ішіндегі 17 кездесуде отандасымыз қарсыластарын нокаутқа түсірген.

Айта кетейік, 2011 жылы атажұрты - Қазақстанға оралған Қанат сол жылы құрылған Бүкіләлемдік бокс сериясындағы (WSB) атақты Astana Arlans  командасына қабылданып, отандастарын рингтегі жарқын өнерімен қуантады.

Бүгінде Қанат Америка Құрама Штаттарында жаттығады. Бапкері - танымал америкалық маман Нельсон Лопес. Де Анхельге қарсы жекпе-жек - Қанаттың кәсіпқой бокстағы кең ауқымды телеарна көрсететін алғашқы кездесуі.

Қатысты Мақалалар