Сәуір айын тұйықтаған жауын-ашын мамыр айында да жалғасады. Қазгидрометтің алдағы мереке күндеріне арналған ауа райы болжамы осындай, -деп хабайлайды Qamshy.kz порталы Bag.kz сайтына сілтеме жасап.
Сәуір және мамыр – Қазақстанда жауын-шашын қалың жауатын кезең. Биыл да сол дәстүр жалғасын таппақ.
Сәуір айының соңғы күні мен мамырдың басында республиканың басым аймағында атмосфералық ағымдардың ықпалымен күн күркіреп, өткінші жауын жауады. Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында нөсер жауын жауады деп болжануда.
Сенбі күні еліміздің солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында түнде жаңбыр соңы қарға ұласуы ықтимал. Бұл аймақтарда ауа температурасы жылдар бойы қалыптасқан деңгейден 1-3º төмен болады. Және бұл температура болжанып отырған күндер бойы сақталады.
Республиканың өзге аймақтарында ауа райының орташа тәуіктік мәні орташа температурадан 2-6º жоғары болады.