Бірде-бір шетелдік Қазақ жерінің бір сантиметрін де сатып алуға құқығы жоқ

/uploads/thumbnail/20170709004436541_small.jpg

Бірде бір шетелдік Қазақстан жерінің бір сантиметрінде сатып алуға құқығы жоқ. Тек қазақстандықтар ғана ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке сатып алуға құқы бар, біріншіден, жеңілдетілген бағамен (50%), жалға берілген жерді 10 жылға ұзартумен және екіншіден аукцион арқылы сатып алуға құқы бар. Шетелдіктер үшін бұндай норма жүрмейді. Мынаны ескерткіміз келеді, ауыл шаруашылығы мақсатындағы қазіргі айналымдағы 100,8 млн га жердің 1,3 млн га жері Қазақстан азаматтарының жеке меншігінде, ал   99,5 млн га жер жалға берілген. Бұндай жерлерде әртүрлі егістік, майлық, дақылдық, жемдік, көкөністік –бақшалық және өнімдік дақылдар өсіріледі және бұндай жерлерде мал шаруашылығымен  және ет-сүт өндірісімен шұғылданады. 2015 жылдың қорытындысы бойынша ауылшаруашылығы өнімдерінің көлемі ақшалай түрінде 2,7 трлн. теңгені құрады.

99,5 млн га жердің  шетелдіктерге  65 мың га жері ғана берілген  – бұл шамамен 0,06% - оның өзі жалға берілген. Атап өткен жөн, оның ең көп  бөлігі  -45 мың га – бірлескен кәсіпорындарға жалға берілген, олардың үлесін қазақстандықтар тікелей иелік етеді. Мысалы, Ақмола обласында 2010 жылы  американдық Global Beef компаниясымен (капиталдық үлесі 15% ) «KazBeef Ltd» ЖШС бірлесіп құрылды. Кәсіпорын жер телімінің көлемі 154,8 мың га, оның ішінде: егістік -13,2 мың га, шабындық - 141,6 мың га.

 Компания елімізде алғашқылардың бірі болып тұқымдық таза ангус және герефорд малы тұқымдарын алып келе бастады, сөйтіп сапасы жоғары ет өндірісінің толық циклін құру жолын бастады. Биыл 2015 жылдың қорытындысы бойынша жоғары сапалы 2014 тонна ет экспортталды. Қазір кәсіпорында 85 - ге жуық адам жұмыс істейді, олардың ішінде бірде бір шетелдік жоқ.

Сондай-ақ, Солтүстік –Қазақстан облысында қытай инвесторларының қатысуымен   май дақылдарын өндірісі мен қайта ұқсату бойынша пилоттық кооперативті құру іске асырылуды. Аталған жоба кластерлік жолға қойылған, ол  12 мың га  жер көлемінде май дақылдарын өсіру және оны өсімдік майын қайта өңдеу үшін май экстракциялау заводының құрылысы салынбақшы. Барлығы кооператив  9 ауылшаруашылығы өндірушілерінің басын қосады.

Жалға берілген жерлердің кейбір өңірлер бойынша  жерді таратуы мынандай: Ақтөбе облысында  - 29 мың. га, Жамбыл облысында – 13,5 мың. га,  Ақмола облысында – 8,6 мың га.

Ал ресейліктер болса 10 236 га жалға береді, Қытай резиденттері  - 282 га, ОАЭ - 859 га, Түркия - 7 га және тағы басқаларға жалға берілген.

2.      Заңнама қаншалықты жерді жеке меншікке алу үшін шетелдіктердің  айналып өтуінің  мүмкіндіктерін ескере ме?

Заңнамада ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке сатып алуға тиым салған, сондай-ақ    шетелдіктерге  салынған  шектеулердің айналып өту  тетіктерін де  ескереді.  

Егер де шетелдіктер жеке меншігіне жалған неке арқылы қулығын асырып жерді сатып алуға тырысса, ЖШС үлесін сатып алу арқылы немесе  екінші нарықта жерді сатып алғысы келсе әділет органдары бұндай жағдайларды  тіркеу үшін  қабылдамайды.

Заң тұрғысында, бұндай тіркеусіз жер құқығына иелікте туындамайды.

Сонымен, әділет органдарындағы тіркеу рәсімдері арқылы шетелдіктер үшін белгіленген шектеулердің сақталуын бақылайды.

Сонымен бірге, заңнамалық шектеу туралы шетелдік азамат және әлеуетті сатып алушы нотариусқа келісім жасауға келгенде де біледі.

Мемлекет нотариустың тиым салуын, оларды жауапкершілікке тартумен белгілеген. Бұл кезде келісімдердің құқықтық салдары болмайды.

3. Қоғамда   шетелдіктер  жерге жеке меншік құқы бар қазақстандық заңды тұлғаның үлесін сатып алу жолымен жер телімдерін алуы мүмкін деген қауіп бар. Бұл солай ма?

Бұл мәселені екі жақты қарауға болады.

Біріншісі. Егер де шетелдік сатып алатын үлес 50%- тен асатын болса, онда бұндай заңды тұлғаның жер телімдері  үш айдың ішінде алынуға жатады немесе жер пайдалану (жалға беру) құқығы қайта хатталуы қажет.

Бұл талапты орындамаған кезде, Әкімдік жер телімдерін мемлекетке қайтару туралы шағым береді.

Мемлекет өз кезегінде бұндай фактілерді ақпараттық жүйелердің бірлескен іс қимылы арқылы анықтайтын болады, ондай ақпарат заңды тұлғалар үлесінің мөлшері және барлық заңды тұлғалар  – жер телімінің иелері туралы ақпараттан тұрады.

Егер де жеке меншігінде жер құқығы бар заңды тұлғалар анықталған кезде, шетелдіктердің үлесі 50%-тен  асса, бұл ақпарат әкімдікте  жерді алу үшін, жер телімін жалға беру құқығын қайта қарау  немесе сотқа  оны қайтару жөнінде шағым бойынша жұмыс істеуге  жіберілетін болады.

Екінші. Егер де шетелдіктің үлесі 50% -тен кем болса, заңды тұлға үшін ештеңе болмайды.

4. Егер де, шетелдік 50% -тен кем үлес сатып алған болса, бұндай заңды тұлға шектеуді айналып өтпей ме?

Бұл күмәнді сейтсек деймін.

Азаматтық кодекске сәйкес, бұндай шетелдік – заңды тұлға иесі оның мүлкіне, оның ішінде жер теліміне де құқығы болмайды, тек  жарғы капиталындағы үлес құқығына ғана ие.

Басқа сөзбен айтқанда, бұндай жер телімдерінің  иелері  шетелдік азамат  емес, заңды тұлға – біздің заң бойынша қызметін жүзеге асыратын және осы жерде салық төлейтін Қазақстан резиденті болып табылады.

Егер де шетелдік  қатысушылар құрамынан шыққысы келсе және өзінің жер үлесін алғы келсе, оған ондай мүмкіндік жоқ, өйткені ол жер құқығын тіркей алмайды.

Бұл жағдай - заңды тұлға қатысушысы жұбайлар болып, оның біреу шетелдік болған жағдайға да қатысты.

Бұл кезде акционерлік қоғам сияқты ұйымдық –құқықтық нысаны ерекшелігінде ескерген жөн. АҚ үлестер, барлық мүлік нарықта еркін айналым акциялары, бағалы қағаздар түрінде, олар биржаларда сатылуы және сатып алынуы мүмкін.

Бұл кезде шетелдікке тиісті акция үлесін бақылаудың қажеттілігі жоқ, өйткені тіпті акцияның 100% иесі шетелдік акционердің өзі де  жерді өзінің меншігіне ала алмайды.

Айтылғандарды түйіндей келе, ауылшарушылығы мақсатындағы жерлердің жеке меншік құқы тек қазақстандық компания құқығында ғана болады және ол қатысушы құрамынан шыққан кезде  жер телімімен емес ақшалай түрде төленетін заңды тұлға үлесіне ғана құқы бар.

(жалғасы бар)

ҚР Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі

Қатысты Мақалалар