Жерді кім жалға алады?
Жаңа жер заңнамасы бойынша шетелдіктерге конкурс арқылы берілетін болады. Үкімет облыстың әрбір ауданы бойынша шетелдіктер үшін бір адамға берілетін жердің ең төменгі мөлшерін бекітеді. Мысалы, Ақмола облысында, Шортанды ауданында – бұл 1000 га. Конкурс ережесі былай, әлеуетті жалға беруші міндетті түрде жерді пайдалану жоспарын тапсыру қажет. Мемлекет конкурстың өтуіне кепілдік береді. Егер де шетелдік біздің талаптарды бұзатын болса, біз олармен жасалған келісім - контракты бұзуға және олардан жерді алып қоюға құқымыз бар. Ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану ережелерімен Сіз мына сілтеме бойынша: http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500011549 танысуға болады
6. Мемлекет жерді қайтарып алуға құқылы ма?
Иә, қайтарып алуға құқылы. Егер де, жер мақсаты бойынша пайдаланылмаса, мысалы, жер өңделмесе, жердің үстінде өнім өндірілмесе, онда мемлекет жерді қайтарып алуға құқы бар.
Екіншіден, сапаға жүргізілген бақылаудың көрсетуі бойынша, егер жер тиісті тәсілмен пайдаланылмаса (тыйым салынған химикаттар қолданылса), нәтижесінде жер құмға айналады. Жерді сондай-ақ, жырқыштар мекендеген жағдайда да алып тасталады. Бұл шаралардың барлығы жердің жеке меншікте немесе жалда болуына байланыссыз қолданыла береді.
7. Қазақстан азаматы жерді сатып, немесе жалға ала ма?
Иә, алады. Қазақстандықтар үшін ерекше жеңілдік жағдайлары қарастырылған: жалға берілген жерді 10 жылға дейін ұзартылған мерзімде жарты бағасына сатып ала алады. Ал шетелдіктер үшін мұндай ереже қарастырылмайды.
8. Қазақстандықтарға немесе шетелдіктерге жалға берілген жер олардың жауапкершіліксіз пайдалану әрекетінен тозуға және тыйым салынған химикаттармен улануға ұшыраса, жалға берілген жерге не болады? Бұл жағдайды кім және қалай бақылауға алады?
Песицидтер тізіміне ресми енгізілмеген химикаттарды пайдалануға Қазақстан заңнамасы тыйым салады. Ауыл шаруашылығы министрлігінің агрохимия қызметі мен Әкімдіктердің жер инспекциялары жер қыртысы мен оның жағдайын үнемі бақылауда ұстайды.
Заңнаманы бұзған жағдайда жерді қайтарып алуға дейінгі қатаң шараны қолданады.
Жер заңнамасын сақтау жөніндегі Әкімдіктердегі бақылау органдары тарапынан агроөнеркәсіптердегі кешендерге тиесілі жер телімдеріне тексерулер жүргізілді. 2015 жылы және 2016 жылдың бірінші тоқсанында жүргізілген тексерулер ауыл шаруашылығы мақсатындағы 263,9 мың га жердің тиімсіз пайдаланылғанын анықтады.
Өткен жылы 187 меншік иесі мен жерді пайдаланушыларға жер заңнамасын бұзғандығы үшін ескертулер берілді, оның ішінде 171 субъекті 169,5 млн. теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
2016 жылдың бірінші тоқсанында 7 меншік иесі мен жерді пайдаланушыларға жер заңнамасын бұзғандығы үшін ескертулер берілді, оның ішінде 5 субъекті 106 мың. теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
9. Жер қанша тұрады?
Жер телімінің нақты құны базалық ставкаға сәйкес анықталады, және бұл жөніндегі ақпараттар http://adilet.zan.kz/rus/docs/P030000890 сайтында орналасқан.
Жер телімі жағдайының сапасына, орналасқан жеріне, сумен қамтылуына, қызмет көрсету орталығынан алыс-жақындығына және т.б. байланысты базалық ставкаға түзету коэффициенті қолданылады.
Мысалыға, жер телімі елді мекеннен, инфрақұрылым нысанынан алыстаған сайын, коэффициенті де төмендейді.
Әрбір жер телімінің жеке-жеке құны бекітіледі.
Жер телімінің қорытынды бағасы аукцион арқылы анықталады.
10. Бір адам қанша жерді сатып ала алады?
Бір әкімшілік ауданның шеңберінде ауылшаруашылық мақсатында жеке меншікке және жалға берілетін жер телімінің ең төменгі шекті көлемі бекітілді. Жер телімінің ең төменгі шекті көлемі туралы ақпаратты adilet.kz. сайтынан алуға болады.
11. Егер қазақстандықтар аукционда жерді сатып алып, оны шетелдікке қайта сатуға құқығы бар ма?
Жоқ, сата алмайды. Бұған заңнамамен тыйым салынған.
12. Аукциондар мен конкурстар ашық әрі әділ өтеді дегенге күдігіміз бар. Осы бағытта қандай шаралар жүргізілуде?
Сатуды ұйымдастырудың тәртібі заңмен нақты бекітілген, аукцион – азаматтар үшін, конкурс – шетелдіктер үшін жүргізіледі.
Сатуды ұйымдастырудың тетігі жерді бөлуде жемқорлыққа жол бермейді. Өткізілетін аукциондар өз кезеңінде жариялылықты, әлеуетті сатып алушылардың арасындағы жарыспалықты және ашық бәсекені қамтамасыз етеді.
(Жалғасы бар)
ҚР Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі