Қазақстандық боксшы Иса Ақбербаев әлем чемпионы титулын қорғады

/uploads/thumbnail/20170709004638949_small.jpg

Бірінші ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Иса Ақбербаев GBC (Global Boxing Council) тұжырымы бойынша чемпиондық атағын қорғады, - деп хабарлайды Qamshy.kz порталы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

32 жастағы қазақстандық боксшы венгриялық 37 жастағы спортшы Габор Халаспен Германияда кездескен болатын. Ақбербаев қарсыласын жетінші раундта нокаутқа түсірді.

Айта кетейік, Иса Ақбербаевтің бұл кәсіпқой бокстағы 17-ші жекпе-жегі. Ол бұған дейінгі кездесулерінің барлығында жеңіске жеткен.

Қатысты Мақалалар