Атыраулық студент АҚШ-та дзюдодан чемпион болды

/uploads/thumbnail/20170709004641715_small.jpg

Атыраудағы қазақ-түрік лицейінің түлегі Талғат Егізбаев АҚШ-та өткен Ұлттық чемпионатта 55 келі салмақ дәрежеде 5 кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Qamshy.kz порталы

АҚШ-тағы жоғары оқу орындарының студенттері қатысқан байрақты бәсекеде Талғат Егізбаев өзі оқитын Солтүстік Америка университетінің атынан сынға түскен.

«Мен АҚШ-тың Ұлттық чемпионатында америкалық университеттің атынан қатыссам да, жеңісімді Қазақстанға арнаймын. Және марапаттауға еліміздің ұлттық туымен шықтым», - деген Талғат Егізбаев Атыраудағы дэюдодан алғаш жаттықтырушысы жаттықтырушысы Жандос Қиянов пен ата-анасына және ұстаздарына алғыс білдірді.

 

Қатысты Мақалалар