Атакелді Есетов джиу-джитсудан әлем чемпионатында бірінші орын алды

/uploads/thumbnail/20170709004642856_small.jpg

Абу-Дабида өткен джиу-джитсудан әлем чемпионатында 38 салмақ дәрежесінде Маңғыстаулық спортшы Атакелді Есетов бірінші орын алды, деп хабарлайды Qamshy.kz порталы. 14 жастағы Атакелді Есетов Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылының тумасы. Әлем чемпионатына Қазақстан құрамасындағы 135 спортшының 32-і жастар арасындағы категория бойынша қатысты. 100-ге жуық мемлкеттен қатысушылар болған әлем чемионатында негізгі қарсыластар Бразилия мен Украина болғанын айтады спортшының жаттықтырушысы. «Маңғыстаудан шыққан менің шәкіртім Атакелді жеңіске жетті. Ол өте талантты және қабілетті. Мен оның болашағынан зор үміт күтемін. Қазақстанның туын әлі талай желбірететініне сенем. Бейнеуде аралас жекпе-жекке қатысушылар көп болды. Өткен жылдың қараша айында балаларды джиу-джитсуға үйрету керек деп шештім. Нәтижесінде, міне, Атакелді үлкен белесті бағындырып отыр» - деді тренер Ерсін Ербосынұлы.

Қатысты Мақалалар