Отан қорғаушылар мерекесіне орай Астанадағы жоғары оқу орындары әскери кафедраларының курсант қыздары ер-азаматтарды ерекше жолмен құттықтауды жөн санапты, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Еліміздің қорғаныс министрлігі баспасөз қызметі хабарлағандай, жүзден астам курсант қыз Tez Сadeyдің«Seve» әніне биледі. Осылайша, әскери кафедраларда оқып жатқан қыздар Қарулы күштердегі барлық нәзік жандылар атынан еліміздің ер-азаматтарын Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.