Батыс Қазақстанда мұнайшылар жаппай уланып қалды

/uploads/thumbnail/20170709005333908_small.jpg

Батыс Қазақстанда мұнайшылар жаппай уланып қалды, - деп хабарлайды Qamshy.kz  КТК арнасына сілтеме жасап.

Өздерін жайсыз сезініп, медициналық көмекке жүгінгендердің барлығы дерлік Қарашығанақ мұнай-газ кен орнында жұмыс істейтіндер.

Есепке алынған 22 адам аталған кен орнындағы мердігер компаниялардың бірінің қызметкерлері екен. Денсаулықтары күрт нашарлаған 14 адам Бөрілі аудандық аурханасына жатқызылса, сегізі үйлеріне қайтарылыпты. Дәрігерлердің айтуынша, жұмысшылар астан ұшынуы мүмкін.

-Қажетті зертханалық талдамалар жасалуда. Нәтижесін қазір күтудеміз. Енді болжамды диагноз – жіті гастроэнтероколит, - дейді БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Флюра Саматова.

 

Қатысты Мақалалар