7 мамырда Алматыда митинг болмайды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Бұл туралы Алматыда 7 мамыр күні өткізіледі делінген наразылық шарасын ұйымдастыру комитетінің мүшесі, саясаткер Мұхтар Тайжан өзінің «Фейсбуктегі» парақшасында жариялады.
Белсенді жер мәселесіне қатысты Ақорданың бүгінгі шешіміне баға бере келе:
«Иə, митингіге біз бұл заңды тоқтату үшін шығуға əзір болдық. Мораторийден бастауымыз керек деп өз басым осында жаздым. Əрі қарай ашық қоғамдық талқылау жасау керек деп айттық. Қазір сол мақсатқа əзірше жеттік. Қазір сол тақырыпқа наразы митингтің қажеті шамалы деп ойлаймын. Енді сараптамалы, кəсіби түрде жұмыс жасауымыз керек. "Сабыр түбі сары алтын" деген қазақ бабам. Ақылмен бәріміз жақсы нәтижеге жетеміз деп сенімдімін», - деп жазады ол.
Пікір қалдыру