Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұшақты алдыңғы шассисіз қондырған пилот Дмитрий Родин мен жарылыс кезінде сарбазды денесімен жауып қорғаған Қайрат Үмбетовті мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Бұл туралы Ақорданың баспсөз қызметі хабар таратты.
"Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі, әскери және қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін: жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі - "Халық қаһарманы" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі - Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылсын: Родин Дмитрий Олегович - "Fokker-100" әуе кемесінің командирі, Алматы қаласы; Үмбетов Қайрат Жарылқасынұлы - Ұлттық ұлан "Орталық" өңірлік қолбасшылығының штаб бастығы - 6505 әскери бөлімі командирінің бірінші орынбасары", - делінген жарлықта.
Пікір қалдыру