Киіктердің қырылуы биыл да қайталануы мүмкін, - деп хабарлайды Qamshy.kz. Астана арнасына сілтеме жасап.
Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдері осылай дейді. Ал былтырғы бөкендердің неден қырылғаны әлі күнге дейін анықталмаған. Білім және ғылым министрлігінде құрылған арнайы комиссия нақты шешімге келмепті.
Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетіне қарасты басқарма басшысы Бақытбек Дүйсекеев мәлімдеді. Мамандар ауа райының дәл былтырғыдай екендігінен қауіптенеді. Жауын-шашын киіктердің қырылуына соқтырған себептердің бірі болуы мүмкін деген болжам бар. Бас аяғы 300 мыңға тарта киіктің 150 мыңдайы былтыр қырылып қалды. Бұған қатысты «пастереллез дертінен», «гептил әсерінен» деген түрлі болжамдар айтылған. Бірақ нақты тұжырым әлі жоқ. Соңғы санақ сәуір айында жүргізілді. Маусымда қазақ даласында қанша киіктің қалғаны жария болады.
«Мамандардың айтуынша, киіктердің болған жерінде ауа райының айырмашылығы жоқ сияқты. 2015 жылғы мамыр айынан. Осыны ескере отырып, біз бір қауіпті сеземіз», - дейді ҚР АШМ орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті басқармасының бастығы Бақытбек Дүйсекеев.
Пікір қалдыру