Қоғамдық ортада қотыр-қораш мәлімдемелерімен қоғамның талқысына түсіп жүрген Қарағұсова ханым БАҚ-қа берген сұхбаттарын бұрмалағаны үшін журналистерге кезекті рет өкпе ренішін жария етті.
Тілшілерге берген сұхбатында «Біздің Совет Одағында» деп сөйлеген депутат туралы Abai.kz сайты жазады.
Депутат ханымның айтуынша, оның сөйлеген сөздерін бұрмалап, жұртқа жексұрын етіп көрсеткен журналистердің дені шала сауатты екен.
«Қазір өкінішке орай көптеген елдердегідей контекстен кесіп алып, оны сараптамайтын (анық-қанығына жетпей – ред.) үрдіс қалыптасты. Жалпы, сіздер, журналистер ең мықты сараптамашы болуларыңыз керек қой. Мен осыны әрдайым айтып келемін. «Поэтому у нас в Советском союзе профессия журналиста пять лет, а вообще сначала получает базовую профессию. Он международник или экономист, или юрист и потом только становиться обозревателем», - деді Қарағұсова.
«Қарақұсова ханымның бұл айтқандарын сөзбе-сөз аударатын болса, «Сондықтан біздің Совет одағында журналистерді дайындауға 5 жыл уақыт керек болған.., » дегенге саяды. Сонда Қазақстанның жаңа сайланған мәжілісіндегі білдей бір қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Қазақстан Республикасының Тәуелсіз мемлекет екенін білмей ме деген заңды сұрақ туады.
Пікір қалдыру