Мемлекет басшысының Жарлығымен әскери және қызметтік міндетін атқару кезіндегі Қазақстан Республикасы алдындағы ерен еңбегі, ерлігі мен батылдығы үшін ұшқыш Дмитрий Родин мен ҚР Ұлттық ұлан сардары Қайрат Үмбетовке «Халық Қаһарманы» атағы берілді, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі, әскери және қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін:
жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі - «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі - Алтын Жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:
Родин Дмитрий Олеговичке - «Fokker - 100» әуе кемесінің командирі, Алматы қаласы
Үмбетов Қайрат Жарылқасынұлына - Ұлттық ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығының штаб бастығы - 6505 әскери бөлімі командирінің бірінші орынбасары.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі» делінген Президент Жарлығында.
Пікір қалдыру