Президент жарлығымен Қуандық Бишимбаев Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Qamshy.kz.
Министрлік ұжымына жаңа басшыны премьер-министр Кәрім Мәсімов таныстырды.
Қ. Бишимбаев 1980 жылы 11 сәуірде туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясының түлегі. 2001 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Дж. Вашингтон атындағы университеттен магистр дәрежесін алған.
2009-2015 жылдар аралығында Президент көмекшісі, эконмика және сауда вице-министрі, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, «Қазақстан даму банкі» директорлар кеңесінің мүшесі, директорлар кеңесінің төрағасы, "Бәйтерек" ұлттық басқару холдингінің төрағасы лауазымдарын атқарған.
Естеріңізге салсақ, кеше Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев пен оның орынбасары Қайырбек Өскенбаев қызметтерінен босаған болатын.
Пікір қалдыру