Асқар Мырзахметов ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Qamshy.kz Ақ орданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мырзахметов Асқар Исабекұлы ҚР ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалсын», - Елбасының жарлығында.
Бұған дейін ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековтың отставкаға кеткені хабарланған болатын.
Асқар Мырзахметов бұл тағайындауға дейін 2015 жылдың тамызынан бері «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары болған еді.
2009-2015 жж Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, 2007-2009 жылдары «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, 2005-2006 жылдары Қазақстанның Өзбекстандағы өкілетті елшісі сияқты түрлі қызметтерді атқарған.
Осылайша Президент командасындағы сенімді кадр, оңтүстік өңірдің экономикасын өрге сүйреген, үлкен саяси науқандар барысында бас партияның тізгінін ұстаған Асқар Мырзахметовке шаруасы шатқаяқтай бастаған ауылшаруашылығы министрлігін басқару міндеті жүктеліп отыр. Осы ретте ауылдағы ағайынның Асқардай азаматтан зор үміт күтері анық.
Пікір қалдыру